Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің тапсырмасына сəйкес,мектебімізде "Адалдық сағаты"өткізілді.Өткізілген шараға округ маманы,ардагер ұстаз,белсенді азаматтар қатыстырылды.

Әбу  Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі бойынша 1 қыркүйек білім күніне орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өткізілді.

2019 жылдың 31 мамыр  күні сағат 17:00 де Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі басшысының қатысуымен  ата-ана, жұртшылықпен мектеп ұжымының ашық пікірлесу, ұсыныс пікірлерін тыңдау мақсатында «Ашық есік күні» өткізіледі.ұсыныс пікірлеріңіз болса көрсетілген мекен – жайға келулеріңіз сұралады.

Мектебімізде 2018-2019 оқу жылында  Халықаралық, Республикалық, облыстық және аудандық  сайысқа қатысқан,талантты,дарынды оқушыларды тану марапаттау және олардың бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде   «Мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ» атты мектепішілік дарынды оқушылардың  III слеті өткізілді.