Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі бойынша 1 қыркүйек білім күніне орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиынға Мақаш ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы Тілекші Зұлқожақызы, Құрманғазы ауданы құрметті азаматы Өмірзақ Қажымғалиұлы, аудандық полиция бөлімшесі, әкімшілік полиция бастығы , полиция капитаны Қисымов Фархат Бибітұлы, қожалық басшылары, жеке кәсіпкерлер және ата-аналар қатынасты.Жиын мектеп директоры Данияр Ғалымжанұлының құттықтауымен басталып, келген қонақтар сөз сөйлеп, білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты патриоттық сағаттарымен жалғасын тапты.
http://sarsenbaev.kurmangazy-bb.kz/kz/zha-aly-tar/162-sanaly-rpa-zhar-yn-bolasha.html#sigFreeId90d7fec464